22.01.2026 күні 6 «А» сыныбында математика пәнінен тізбектелген сабақтардың 4-сабағы өткізілді.
Сабақтың тақырыбы:
Теңдеулер көмегімен мәтінді есептер шығару
???? Үй тапсырмасын тексеру
Genially платформасында Bomb Quiz ойыны арқылы жүргізілді.
???????? Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында мұғалім мәтінді есептерді оқушыларға жеңіл әрі түсінікті болу үшін суреттерге айналдырып түсіндірді.
(Сабақта қолданылған суреттер Gemini ЖИ арқылы жасалды.)
???? Тақтамен жұмыс
Оқушылар есептерді тақтада шығарып, теңдеу құру дағдыларын бекітті.
????♂️ Сергіту сәті
afifedu.com сайтында балалар екі топқа бөлініп, «Қапқа секіру» ойыны арқылы жарысты.
???? Жұптық жұмыс
Оқушыларға суретпен берілген мәтінді есептер таратылып, сол бойынша теңдеу құрып, есеп шығарды.
Мұғалім жұмыстарды бірден тексеріп, бағаларын ауызша айтты.
???? Бағалау
Бағалау «Батарейка» әдісі арқылы жүргізілді.
Тапсырманы орындау деңгейіне қарай батарейка 1–10 аралығында зарядталды.
(Бағалау ЖИ арқылы жасалған сайтта өтті.)
???? Рефлексия
Интерактивті тақтада ЖИ арқылы жасалған сайтта жүзеге асырылды:
???? ортасында байтерек,
???? түсіндім
???? сұрағым бар
???? түсінбедім батырмалары арқылы.
Таңдалған батырмаға сәйкес байтеректің жанында ғимараттар пайда болды.
???? Сабақ өте мазмұнды, көрнекі және оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталды.
Пән мұғалімі: Хамидулла Жұлдыз Жомартқызы

