back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
6 «А» сыныбында «Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген сызықтық теңдеулер» тақырыбы бойынша екінші сабақ
26-01-2026 13:40
 6 «А» сыныбында «Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген сызықтық теңдеулер» тақырыбы бойынша екінші сабақ

2026 жылдың 20 қаңтарында 6 «А» сыныбында «Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген сызықтық теңдеулер» тақырыбы бойынша екінші сабақ өтті. Сабақ басында оқушылар жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен құрылған сайт арқылы үш «ауылға» бөлініп, өз басшыларын сайлады.

Үй тапсырмасы Genially платформасындағы «Пазл ашу» ойынымен тексерілді. Пазл шешілгенде оқушылар академик Орымбек Жәутіковтың тұлғасымен танысты. Мұғалім тақырыпты тереңдетіп түсіндірген соң, оқушылар жұптық тапсырмалар орындап, «Гексагон» әдісі арқылы топтық жұмыста өз шешімдерін қорғап шықты.

Сабақтың ең қызықты сәті ЖИ сайтында ұйымдастырылған топ басшыларының «Аламан бәйгесі» болды. Оқушылардың жетістіктері «ат жарысы» формасындағы цифрлық бағалаумен қорытындыланды. Белсенді қатысушыларға тәттілер үлестіріліп, сабақ соңында интерактивті рефлексия жүргізілді. Заманауи технологиялар мен ұлттық құндылықтар ұштасқан сабақ оқушылардың пәнге деген ынтасын арттырды.
Пән мұғалімі:Хамидулла Ж.Ж.

Новости