back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Сарбаз сахнасы» атты «Жас сарбаз» сынып оқушыларының арасында облыстық әскери - патриоттық байқауы
15-12-2025 11:56
«Сарбаз сахнасы» атты «Жас сарбаз» сынып оқушыларының арасында облыстық әскери - патриоттық байқауы
2025 жылғы 12 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 34 жылдығына орай «Сарбаз сахнасы» атты «Жас сарбаз» сынып оқушыларының арасында облыстық әскери - патриоттық байқауы өтті. Аталған байқауға облысымыздың 350-ге жуық «Жас сарбаз» сыныптарының оқушылары қатысып, өздерінің өнерін, әскери және шығармашылық деңгейін жан-жақты таныстырып өтті.
Жас сарбаз – ел қорғаны.
Жас сарбаз – бейбіт күннің бағасын білетін ұрпақ.
Жас сарбаз – Туымызды биік ұстайтын, мәртебесін асқақтатар тірек.
Бүгінгі байқауда әрбір қадамдарында – елге деген адалдық, әрбір орындауларында – жігер, әрбір көзқарастарында – ертеңге деген сенімді көрдік.
Байқау қорытындысы бойынша «Желтоқсан желі ырғарлы» номинациясы бойынша II орын Нұра ауданының М. Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы командасы иеленді.
Жетекшілері: Сарбаз сахнасын дайындаған Усабаева Бөпежан Нурлановна
АӘТД пәні мұғалімі Байдильдин Бикелді Даулеткелдіұлы
Новости