2025 жылдың 9–13 желтоқсан аралығында Астана қаласында ауыл мектептерінің 9–11 сынып оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың республикалық кезеңі өтті.
Аталған зияткерлік білім додасына М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясынан екі оқушы қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
Олимпиаданың қорытынды кезеңінде үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға ие болған
10 сынып оқушысы – Разакова Сания, ол қазақ мектептеріне арналған орыс тілі пәні бойынша бақ сынап, жоғары жетістікке қол жеткізді.
Бұл жетістік оқушының үздіксіз еңбегі мен білімге деген құлшынысының, сондай-ақ жетекшісінің кәсіби біліктілігі мен жүйелі дайындығының нәтижесі болып табылады.
Жетекшісі: Усабаева Бопежан Нурлановна.


