Факультатив сабақтар – ойлауды дамытудың кілті!
Қыркүйек айынан бастап 6 «ә» сыныбында жоспарға сәйкес «Математика және логика» бағытындағы факультатив сабақтар тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Сабақ барысында оқушылардың:
???? логикалық ойлау қабілеті дамиды;
➕ математикалық сауаттылығы артады;
???? есептерді талдап, дұрыс шешім қабылдау дағдылары қалыптасады;
???? топпен жұмыс істеу және өз ойын дәлелдеп айту қабілеттері жетіледі.
Факультатив сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімдерін тереңдетуге бағытталған. Алдағы уақытта да нәтижелі жұмыстар жалғасын табады! ✨


