Бүгін 1»А» және 1 «Ә»- сыныптарының оқушылары ең алғашқы оқулықтары – *Әліппемен қоштасты.*
Бұл – әр баланың білімге жасаған алғашқы үлкен қадамы, ұмытылмас сәті.
Оқушылар енді үлкен сапарға – білім әлеміне жол бастады! Оқушылар ән айтып, би билеп, сахналық көріністер қойып, бар өнерлерін ортаға салды. *Мақсатымыз – оқушылардың білімге деген сүйіспеншілігін арттырып, сенімділікпен оқуға қадам басуына жол ашу.*
Әліппемен қоштасу – алғашқы жетістік. Енді балаларымыз «Ана тілімен» сапарын жалғастырады.

