Бүгін, яғни 23 желтоқсан күні М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп-гимназиясының жанындағы “Балдырған “ шағын орталығының “Айгөлек” тобымен бірлесе өткізген жаңа жылдық ертеңгілігі өтті. Тақырыбы: “Шахеризаданың жаңа жылдық ертегісі “. Мақсаты: Балаларға жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда бойларында бар өнерлерін ортаға салуды үйрету. Ертеңгілік әсем әуен ырғағымен балалардың ортаға жыланша жүруі арқылы басталды. Шығыстың Шахы мен Шахеризадасының ертегісі желісі арқылы өтті. Кіші топ балалары “Сәбіздермен қояндар “ биін, ересек топ ұлдары “Сантаклаустар” биін, ал ересек тобының қыздары “Шығыс” биін биледі. “Шырша жыры” , “Қош келдің Аяз ата, Ақшақар” әндері айтылды. “Паравоз”, “Қатырмақ” музыкалық ойындары ойналды. Жұмбақтар жасырылып, балалардың тақпақтары да айтылды. Ата-аналармен “Шаңғы тебу” қимылды ойыны ойналды. Ал, бүлдіршіндер шапшаңдықтарын танытып, “Дәл тигіз” ойынын ойнады. Ертеңгілік ата-аналарға ұнап, апайларға алғыстарын білдірді. Ертеңгілік жоғары деңгейде өтті.




