«Эстетикалық пәндерді оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері» тақырыбында өткен аудандық семинар-практикумға М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназияның көркем еңбек және информатика пәні мұғалімдері қатысты.
Семинарда Оразбеков Женис Ақпариянович «Қыш өнері және сазбен жұмыс істеу әдістері» тақырыбында шеберлік сағатын өткізіп, ұлттық өнерді дәріптеу жолдарын ұсынды. Жасұлан Азаматұлы «Қайта құрастыру тәжірибесі» арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытудың тиімді әдістерін көрсетті. Ал Абдығапар Гүлшат Маратқызы «Киім топтамасын жасау, жеке даралық имиджге арналған аксессуарлар» және «Сабақта ЖИ қолдану» тақырыптарында тәжірибесін бөлісіп, заманауи технологияның пәнге ықпалына тоқталды.
Семинар қорытындысында қатысушылар ұсынылған әдістердің тиімділігін атап өтіп, тәжірибе алмасудың маңыздылығына жоғары баға берді.





