back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
Апталықтың үшінші күні балаларды дүкен, банк және жинақ ұғымдарымен таныстыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді.
26-01-2026 11:24
Апталықтың үшінші күні балаларды дүкен, банк және жинақ ұғымдарымен таныстыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді.

Апталықтың үшінші күні балаларды дүкен, банк және жинақ ұғымдарымен таныстыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Күннің басында балалармен «Дүкен» ұғымы туралы әңгіме жүргізіліп, дүкеннің не үшін қажет екені, онда қандай заттар сатылатыны түсіндірілді. Балалардың күнделікті өмірдегі тәжірибесіне сүйене отырып, сатып алу мен сатудың қарапайым мағынасы талқыланды.

Келесі кезеңде суреттерді қарау арқылы «Банк жұмысы» тақырыбында әңгіме өткізілді. Балалар банк қызметінің мәнін, ақшаны сақтау, жинау және қорғау қызметтері туралы бастапқы түсінік алды. Сұрақ-жауап арқылы олардың ойлау қабілеті мен қаржылық түсінігі дамытылды.

Шығармашылық қызмет барысында «Ақшалай жинақ сандықшасы» тақырыбында жұмыс жүргізілді. Балалар өз қиялдарын пайдаланып, жинақ сандықшасын жасап, ақшаны үнемдеудің маңызын түсінді. Бұл жұмыс балалардың ұқыптылық пен жоспарлауға деген қызығушылығын арттырды.

Сонымен қатар «Дүкен» рөлдік ойыны ұйымдастырылды. Ойын барысында балалар сатушы мен сатып алушы рөлдерін орындап, ақшаны санау, тауар таңдау, төлем жасау дағдыларын тәжірибе жүзінде көрсетті. Рөлдік ойын балалардың қарым-қатынас жасау, шешім қабылдау қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

Сонымен қатар “Ертегілердегі баланың құқықтары” тақырыбында квест-ойын өткізіліп, балалар ертегі кейіпкерлері арқылы өз құқықтарын түсінуге мүмкіндік алды.

Новости