back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"
Оқушыларға дұрыс қарым - қатынас жасау ережелерін түсіндіру, буллингтің не екенін және оның зиянын ұғындыру, достыққа, сыйластыққа, бір - біріне қолдау көрсетуге тәрбиелеу
26-01-2026 11:47
Оқушыларға дұрыс қарым - қатынас жасау ережелерін түсіндіру, буллингтің не екенін және оның зиянын ұғындыру, достыққа, сыйластыққа, бір - біріне қолдау көрсетуге тәрбиелеу

Оқушыларға дұрыс қарым - қатынас жасау ережелерін түсіндіру, буллингтің не екенін және оның зиянын ұғындыру, достыққа, сыйластыққа, бір - біріне қолдау көрсетуге тәрбиелеу мақсатында мектебіміздің педагог - психологы Айнұр Жомартқызы 6 сынып оқушылары арасында сынып жетекшілермен бірге “Дос болайық. Буллингтен қорған” бағдарламасы аясында “Қарым - қатынас ережесі” тақырыбында сынып сағатын жүргізді. Сынып сағаты барысында оқушылар бір - біріне жылы лебіз білдіріп, қарым - қатынас құрудың алтын ережелерімен танысты. Дұрыс қарым - қатынасқа кері әсер ететін буллинг мәселесіне байланысты топтық жағдаяттық тапсырмалар орындап, өз ойларын ортаға салды. Сабақ соңында оқушылар “ Шаңырақ” жаттығуын орындап, “ Достық бар жерде - сыйластық бар, сыйластық бар жерде - бақыт бар” деген қорытындыға келді. Оқушылар буллингтің зиянын түсініп, бір - біріне құрметпен қарауды үйренді және қиын жағдайда көмек сұрай алатынын білді.

 

 

Новости