back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Балалар және жол: қауіпсіздік аймағы» атты іс-шара өтті
26-01-2026 13:26
«Балалар және жол: қауіпсіздік аймағы» атты іс-шара өтті

«Балалар және жол: қауіпсіздік аймағы» атты іс-шара өтті
Нұра ауданының ПБ ҚҚБ және ӘПБ қызметкерлерінің және Нұра ауданының прокуратурасының ұйымдастыруымен “Қауіпсіз жол” ЖПІШ кезінде «Балалар және жол: қауіпсіздік аймағы» атты профилактикалық іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – балалар арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолда жүру ережелерін түсіндіру және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Кездесу барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында жол қауіпсіздігіне арналған танымдық ойындар өткізілді, сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Ойындар арқылы балалар жолда дұрыс әрекет ету дағдыларын меңгерді.
Мұндай іс-шаралар балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Новости