«Нұра ауданы білім бөлімі» ММ қауіпсіз және мазмұнды іс-шараларды ұйымдастыру туралы ескерту
            
            
                                «Нұра ауданы білім бөлімі» ММ
қауіпсіз және мазмұнды іс-шараларды ұйымдастыру туралы ескерту
2024–2025 оқу жылының соңында балабақша бітірушілеріне және 4, 9, 11 сынып түлектеріне арналған соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау және басқа да мектепішілік мерекелік іс-шаралар кезінде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тәрбиелік мәні жоғары әрі мазмұнды іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында келесі талаптар мен ескертулерді сақтау міндетті:
Жалпы талаптар:
	•	Іс-шаралар аясында алғыс айту сыйлықсыз немесе ақшасыз түрде, тек ризашылық сөздер мен алғыс хаттар арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
	•	Іс-шара кезінде балабақша немесе мектеп аумағынан рұқсатсыз шығуға қатаң тыйым салынады.
	•	Тәрбиешілер мен сынып жетекшілері әр баланың қатысуын тізім бойынша бақылап, ата-аналармен тұрақты байланыста болуы тиіс.
	•	Ұялы телефондарды мақсатсыз қолдануға, әсіресе видео түсіруге және әлеуметтік желілерге жүктеуге шектеу қойылады.
	•	Іс-шара барысында әдепке және тәртіпке сай емес әрекеттерге (дауыс көтеру, рұқсатсыз сөйлеу, өз бетінше шешім қабылдау) жол берілмейді.
	•	Ата-аналар тарапынан ұйымдастырылатын кез келген іс-әрекет (фото/видео түсіру, киім, декор және т.б.) міндетті түрде мекеме әкімшілігімен келісуі қажет.
Қатаң тыйым салынады:
	•	4, 9, 11 сынып оқушыларынан мектеп әкімшілігіне арналған ақша жинауға;
	•	Аниматорлар, әртістер, агенттіктер мен студияларды шақыруға;
	•	Білім беру ұйымдары мен мектеп әкімшілігіне сыйлық беруге;
	•	Білім беру ұйымдарының жөндеу немесе тазалық жұмыстарына қаражат жинауға;
	•	Отшашу, фейерверк, автокөлік шеруі сынды қауіп тудыратын іс-шараларды ұйымдастыруға;
	•	Сынып ішінде дастархан жаюға немесе банкет ұйымдастыруға.
Қатаң сақталуы тиіс талаптар:
	•	«Соңғы қоңырау» іс-шарасына тек оқушының заңды өкілі ғана қатыса алады;
	•	Барлық білім алушыларға қауіпсіздік ережелері алдын ала таныстырылады;
	•	Сынып жетекшілері іс-шара барысын үйлестіріп, тәртіп пен жауапкершіліктің сақталуын қадағалайды.
Құрметті ата-аналар!
Жоғарыда көрсетілген талаптарды назарға алып, балаларыңыздың қауіпсіздігіне және білім ордасындағы тәртіп пен ұйымдастыру деңгейіне жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.            
                         
                         
                         
                                     
                                    