back-image
"Жараспай жалпы білім беретін мектебі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Жараспай жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Нұра ауданы білім бөлімі» ММ қауіпсіз және мазмұнды іс-шараларды ұйымдастыру туралы ескерту
15-05-2025 17:07
«Нұра ауданы білім бөлімі» ММ қауіпсіз және мазмұнды іс-шараларды ұйымдастыру туралы ескерту 2024–2025 оқу жылының соңында балабақша бітірушілеріне және 4, 9, 11 сынып түлектеріне арналған соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау және басқа да мектепішілік мерекелік іс-шаралар кезінде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тәрбиелік мәні жоғары әрі мазмұнды іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында келесі талаптар мен ескертулерді сақтау міндетті: Жалпы талаптар: • Іс-шаралар аясында алғыс айту сыйлықсыз немесе ақшасыз түрде, тек ризашылық сөздер мен алғыс хаттар арқылы жүзеге асырылуы тиіс. • Іс-шара кезінде балабақша немесе мектеп аумағынан рұқсатсыз шығуға қатаң тыйым салынады. • Тәрбиешілер мен сынып жетекшілері әр баланың қатысуын тізім бойынша бақылап, ата-аналармен тұрақты байланыста болуы тиіс. • Ұялы телефондарды мақсатсыз қолдануға, әсіресе видео түсіруге және әлеуметтік желілерге жүктеуге шектеу қойылады. • Іс-шара барысында әдепке және тәртіпке сай емес әрекеттерге (дауыс көтеру, рұқсатсыз сөйлеу, өз бетінше шешім қабылдау) жол берілмейді. • Ата-аналар тарапынан ұйымдастырылатын кез келген іс-әрекет (фото/видео түсіру, киім, декор және т.б.) міндетті түрде мекеме әкімшілігімен келісуі қажет. Қатаң тыйым салынады: • 4, 9, 11 сынып оқушыларынан мектеп әкімшілігіне арналған ақша жинауға; • Аниматорлар, әртістер, агенттіктер мен студияларды шақыруға; • Білім беру ұйымдары мен мектеп әкімшілігіне сыйлық беруге; • Білім беру ұйымдарының жөндеу немесе тазалық жұмыстарына қаражат жинауға; • Отшашу, фейерверк, автокөлік шеруі сынды қауіп тудыратын іс-шараларды ұйымдастыруға; • Сынып ішінде дастархан жаюға немесе банкет ұйымдастыруға. Қатаң сақталуы тиіс талаптар: • «Соңғы қоңырау» іс-шарасына тек оқушының заңды өкілі ғана қатыса алады; • Барлық білім алушыларға қауіпсіздік ережелері алдын ала таныстырылады; • Сынып жетекшілері іс-шара барысын үйлестіріп, тәртіп пен жауапкершіліктің сақталуын қадағалайды. Құрметті ата-аналар! Жоғарыда көрсетілген талаптарды назарға алып, балаларыңыздың қауіпсіздігіне және білім ордасындағы тәртіп пен ұйымдастыру деңгейіне жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Новости