Бүгін – Халықаралық отбасы күні
БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 1993 жылы 15 мамырда атап өтілетін Халықаралық отбасы күні жарияланды. Мерекенің негізгі миссиясы – қоғамның назарын отбасы проблемаларына, отбасы құндылықтарын тәрбиелеу және нығайту мәселелеріне аудару.
Байыпты, бақуатты отбасы – қоғам өмірінің құрамдас бөлігі, мемлекеттің тұғырлы тірегі, ізгілікті іргетасы. Отбасы, отбасылық құндылықтар – кез келген адамның өмірін құрайтын, аса маңызды қазына. Ұлағат ұясы адамшылық абзал қасиеттерге, жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке, Отанға, өскен ортаға, үлкенге деген сый-құрметке тәрбиелеп, азаматтық ұстанымдар мен гуманистік мұраттарға негізделген дүниетанымның негізін қалайды. Әрбір жан иесі отбасында өсіп-өнеді, отбасылық құндылықтар оның жан-жақты дамуына қажетті дағдыларды қалыптастырады. Өскелең ұрпақтың мінез-құлқы, болмыс-бітімі отбасында берілген тәлім-тәрбиенің айқын көрінісі, нақты жемісі.
#отбасыкүні2025