back-image
"Р. Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
❄️ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСТА 10 КҮН ДЕМАЛАДЫ
22-12-2023 14:46
❄️ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСТА 10 КҮН ДЕМАЛАДЫ
 
​​❄️ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСТА 10 КҮН ДЕМАЛАДЫ
????️Қазақстандық мектептерде екінші тоқсан аяқталуда. Қысқы демалыс 2023 жылдың 29 желтоқсанынан 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда 10 күнге созылады.
☃️Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының қысқы демалысын және бос уақытын тиімді, әрі тұлғалық дамыту мақсатында мектепішілік қысқы каникул іс-шараларының жоспарын әзірлеуде «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» негізге алуды ұсынады.
????Мектепішілік іс-шара жоспарына:
????ғылыми жоба жұмыстары мазмұны туралы ақпараттық-танымдық сабақтар ұйымдастыруда жоғары сынып оқушылары мен ата-аналар бірлесе ЖОО-ның оқытушыларымен кездесу, ғылыми жоба туралы сұхбат жүргізу;
????«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Үнемі оқитын адам – табысты адам» тақырыбында оқырмандармен кездесу, оқыған кітаптары туралы талқылау;
????«Ұлттық мектеп лигасы» жобасы негізінде білім алушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайтуда білім ұйымдарымен бірлесе «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» спорттық ойындар өткізу;
????«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында «Мен оқыған бір ертегі», «Парасаттылық туралы» тақырыптарында білім алушылармен әңгімелесу;
????«Ата-аналар мектебі» жобасын орындауда «Қыз намысы – ұлт намысы», «Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен», «Отбасылық таланттар» тақырыптарында ата-аналар жиналыстарын өткізу;
????Құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру ұсынылады.
????Атап өтейік, аталған іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберіледі.
Новости