
Р. Қошқарбаев ат. ЖББМ Тілдер күні аясында Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу шеберлігі оқушылар арасында өтті. Шараның басты мақсаты – оқушылардың көркемсөз оқу дағдысын қалыптастыру, Абай мұрасын терең түсінуге жетелеу, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылар ақынның табиғат лирикасы мен философиялық өлеңдерін әсерлі үнмен, мәнерлеп оқып, жүрекке жеткізе білді. Бұл кеш барысында қатысушылар тек мәнерлеп оқу шеберлігін көрсетіп қана қоймай, Абайдың адамгершілік, ғылым-білімге шақырған өсиеттерін де бойына сіңірді. #Қарағандыоблысытілдекада