
11 қыркүйек 2025 жылы Р. Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте Тілдер күніне орай 5-6 сынып оқушылары ұлы ақын Абай Құнанбайұлының "Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек" өлеңіне танымдық постер құрастырып, оны қорғады. Іс- шара барысында оқушылар постер арқылы Абайдың даналық ойларын талдап, өлеңнің тәрбиелік мәнін ашып көрсетті. #Қарағандыоблысытілдекада Іс-шараның мақсаты – оқушыларды Абайдың өшпес мұрасымен тереңірек таныстыру, ақын шығармалары арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру және қазақ тілінің мәртебесін көтеру.