back-image
"Нұра жалпы білім беретін мектебі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Нұра жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Отбасы – тәрбие бастауы»
25-01-2026 22:58
«Отбасы – тәрбие бастауы»
Нұра ЖББ мектебінде 4-сынып оқушыларымен бірге ата-аналар жиналысы «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында өткізілді.
Мақсаты:
– отбасының бала тәрбиесіндегі рөлін айқындау;
– ата-ана мен бала арасындағы сыйластық пен ынтымақтастықты нығайту;
– бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық дамуына қолайлы психологиялық орта қалыптастыру;
– ата-аналардың педагогикалық-психологиялық сауаттылығын арттыру.
Жиналыс барысында мектеп психологі Тулеуова Г.Е. ата-аналар мен оқушыларға арналған психологиялық тренинг өткізді. Тренингте отбасындағы жағымды қарым-қатынас, баланы қолдау және ынталандыру жолдары қарастырылды.
Сонымен қатар, 2-тоқсан бойынша оқу үлгерімінің қорытындысы шығарылып, ББЖМ-ді өткізу және оған дайындық барысы ата-аналармен бірге жан-жақты талқыланды.
Өткізген: Уайділда А. С.
Новости