"Отбасы- тәрбиенің алтын бесігі" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
4 желтоқсан күні А.Асылбеков атындағы ЖББ мектебінің 1-қазақ сыныбының ата-аналарымен "Отбасы- тәрбиенің алтын бесігі" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру,отбасы арасындағы бауырмалдық,қайырымдылық,достық қарым-қатынасты қалыптастыру,жағымсыз әдеттерден бойларын алшақ ұстауға үйрету.Сапалы білім,саналы тәрбие ,салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Міндеті: Ата-аналардың мектеппен, мұғалімдермен тығыз байланыс орнату. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға тарту.#Біртұтас_тәрбие #нұраауданыбілімбөлімі