"Отбасы - тәрбиенің алтын бесігі" тақырыбында кездесу өткізілді.
4 желтоқсан күні А.Асылбеков атындағы ЖББ мектебінде 7 желтоқсан - Ақсақалдар және бата беру күніне орай мектебіміздің ардагер ұстазы Нукушев Үсейн Бакишовичпен "Отбасы - тәрбиенің алтын бесігі" тақырыбында кездесу өткізілді.
Мақсаты: Өскелең жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, рухани байлыққа тәрбиелей отырып, қазыналы қарттарымызды құрметтеуге, ол кісілердің әрбір ісінен үлгі алуға тәрбиелеу.