Тоғызқұмалақ ойыны.
Бүгін , яғни 22 қаңтар күні А.Асылбеков атындағы ЖББ мектебінің 3 қазақ сыныбында
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты сынып сағатында тоғызқұмалақ ұлттық ойындар жайлы әңгіме жүргізіліп, тоғызқұмалақ ойыны ойнатылды.
Ұлттық ойындар - ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.
Тоғызқұмалаққа тосырқамай қараңыз!
Ата дәстүр салтыңызға санаңыз!
Өзіңді-өзің қазақпын деп санама
Бұл өнерді үйренбесе балаңыз!
Абай
Егер де осы асыл қазынамызды бағалай біліп, жоғарғы деңгейде ұстап, болашақ өсіп келе жатқан ұрпақтар мен жастарды тәрбиелеуде, болашақ ғалымдар мен экономистерді даярлауда, олардың ойлау деңгейлерін ұшқырлауда қолданар болсақ, бұл ойынның өте көп пайдасы тиер еді! Айта берсек айтылатын ой таусылмайды, сондықтан, егер де осы зияткерлік ойынымыздың осындай және бұдан да басқа сырларын білгіңіз келсе, өз көзіңізбен қөргіңіз келсе, онда тоғызқұмалақты қолыңызға алып, ойнап үйреніңіз, ұшқырланыңыз, зерттеңіз!