"Алтын түлек" олимпиадасының өңірлік кезеңін өткізді.
26 желтоқсан күні математика пәні бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау мақсатында "Сарыарқа Дарыны" балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми- практикалық орталығы 10-11 сынып оқушыларына арналған "Алтын түлек" олимпиадасының өңірлік кезеңін өткізді. Ерекше жетістігі үшін 10- сынып оқушысы Оспанов Данат мадақтамамен марапатталды.
Жеңімпаз атанғаны үшін 11-сынып оқушылары Шайкен Аружан 3-орын, Ахантаева Айзара 1-орын иеленді. Жетекшісі Абаева К.М.
Ахантаева Айзара республикалық кезеңге жолдама алды. Оқушыларға ақ жол!