7 қазақ сыныбында физика пәнінен «Гидравликалық машиналар» тақырыбында ашық сабақ өтті.
2 ақпан күні А.Асылбеков атындағы ЖББ мектебінде 7 қазақ сыныбында физика пәнінен «Гидравликалық машиналар» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсатты:
- гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципін анықтау;
-есептер шығарғанда формулаларын қолдану;
Оқушылар «Өрмекші торы» әдісі арқылы ортаға шығып шеңбер құрады.Жіпті бір-біріне лақтыру арқылы өрмекші торын жасап бір-біріне тілек айтты. Wordwall платформасы және «Миға шабуыл», «Сөз ойла, тез ойла» әдістері арқылы әр жұпта аталған терминдерді толықтырып, топта оқушылар тақырыпты талдады.Сергіту сәтті «Нейрожаттығу» әдісімен өткізілді.
Пән мұғалімі: Ахметова Б.Е.