back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Мектебімізге 4 (төрт) жолдама табыс етілді.
15-03-2024 08:38
Мектебімізге 4 (төрт) жолдама табыс етілді.
Бүгін наурызнама жоспарына сай мектебімізде қайырымдылық күні аталып өтті. Қайырымдылық тек материалдық көмек көрсетуде ғана емес, рухани қолдау, көңілі жүдеу адамды жылы сөзбен жігерлендіру де маңызды. Осы іс-шараға орай, мектебіміздің директорының м.а. Е.Е. Абаев барша ұстаздар мен оқушыларды қайырымдылық күнімен құттықтап, сертификат табыстау кезегін ауылымыздың әкімі М.Б. Бастеновке сөз берді. Ауыл әкімі өз сөз кезегінде бүгінгі қайырымдылық күнімен және келе жатқан наурыз мейрамымен құттықтап, мектебіміздің еріктілер клубын ерекше атап өтіп, ізгі ниетін білдірді. Еріктілер клубының ұл-қыздары тұрақты түрде ауылымыздың жалғыз басты ата-әжелеріне өз көмектерін көрсетіп тұрады. Бұл да бірде-бір қайырымдылықтың белгісі.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Наурыз мерекесі аясында өтетін «Қайырымдылық» күніне орай, балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатында «QH Жаздық жолдама - 2024» қайырымдылық жобасы бойынша мектебімізге 4 (төрт) жолдама табыс етілді.
Новости