"Тарих толқынында"
А. Асылбеков атындағы ЖББ мектебінде апталықтың бірінші күні, яғни 8 желтоқсан күні "Тарих толқынында" атты тарих сауаттылық апталығының ашылу салтанаты өтті. Мектебіміздің оқушылары апталық жоспармен таныстырылып, жұмыс барысы жарияланды.
5-11 сынып оқушыларымен Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл" атты сынып сағаттары өткізілді.
Бұл іс-шараның мақсаты: Оқушылардың патриоттық сана-сезімі мен өзіндік сана-сезімін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды тәрбиелеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

