Тәуелсіздік күніне
А.Асылбеков атындағы ЖББМ-де Тәуелсіздік күніне арналған сұхбат!
Бүгін мектеп парламенті ұстаздар мен оқушылар арасында Тәуелсіздік күніне орай арнайы сұхбат жүргізді.
Шара барысында Қазақстанның Тәуелсіздікті қай жылы алғаны және мемлекеттік рәміздер туралы мазмұнды сұрақтар қойылып, қатысушылар өз білімдерімен бөлісті.
Тәуелсіздік – біздің ең қымбат құндылығымыз!
Осындай шаралар жас буынның отансүйгіштік рухын нығайтуға үлкен үлес қосады.