back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Аттестация школы
02-01-2026 16:41
Аттестация школы
А. Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі 2025 жылы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті. Аттестаттау барысында оқу орнының материалдық-техникалық базасы, оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуы, педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігі, құжаттардың жүргізілуі, білім сапасы және оқу жетістіктерінің көрсеткіштері жан-жақты сарапталды. Комиссия тарапынан мектептің білім беру қызметі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына толық сәйкес деп танылды.
Аттестаттаудан сәтті өту — мектеп ұжымының бірлескен еңбегінің нәтижесі. Бұл алдағы уақытта да сапалы білім беруді жалғастыруға мүмкіндік береді. Ұстаздар мен барлық қызметкерлерді осы маңызды жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз. Әріптестерімізге жаңа белестер мен еліміздің білім беру жүйесін дамыту жолында толағай табыстар тілейміз!
Новости