«Дропперлік» әрекеттердің алдын алу
12 ақпан күні К. Мыңбаев атындағы ЖББМ-де Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасына және Қарағанды облысының білім басқармасының хатына сәйкес маңызды түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара білім алушылар мен ата-аналар арасында қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, банк карталарын үшінші тұлғаларға берудің, заңсыз ақша аударымдарына қатысудың және «дропперлік» әрекеттердің алдын алуға бағытталды.
Кездесуге полиция қызметкерлері қатысып, қаржылық алаяқтықтың түрлері, қылмыстық заңнамадағы өзгерістер және құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатысушылардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінді.
Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер мен ата-аналардың қаржылық қауіпсіздік туралы білімін арттыру, заңсыз әрекеттерге тартылудың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
