
2025 жылдың мамыр айының 02 жұлдызында Мүтәш Сүлейменов тірек мектебінде көктемгі қорытынды сессияның соңғы күнінен сабақтар ұйымдастырылды. Сессияға тірек мектебі мен магниттік мектептің оқушылары мен мұғалімдері белсене қатысты.Бүгін тірек мектебінің тарих пәні мұғалімі Досжанов Ж.Қ. 9қазақ сыныбына қазіргі уақыттағы маңызды мәселелердің бірі дінтану саласынан және 11орыс сыныбына Қазақстан тарихынан қызықты мағлұмат берсе, ағылшын пәні мұғалімі Калыкбергенова Г.Т. қазіргі заманда ағылшын тілі жаhандық тіл болғандықтан Қазақстанда маңызы зор екендігін үйретуде. Р.Қошқарбаев мектебінің информатика пәні мұғалімі Бирюков П.П. техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу,сақтау, түрлендіру және жеткізу жолдарын көрсетті. Балықтыкөл мектебінің мұғалімі Рысалиева Д.Е. география пәні жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде және табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге шақырды.