Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі тақырыбында маңызды кездесу
Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі тақырыбында маңызды кездесу өтті.
Керітінді кентінде «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, профессор Бейбіт Баймағанбетович Мамраев және Қарағанды индустриялық университетінің комплаенс-офицері Самал Серікқызы Ибрагимова ұстаздар қауымымен шағын жиналыс өткізді.
???? Жиналыс барысында жастардың құқықтық санасын арттыру, әділдік пен адалдық қағидаттарын дәріптеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру мәселелері талқыланды.