“Сыңғырла, соңғы қоңырау – 2025!”???? 23 мамыр күні Байтуған жалпы білім беретін мектебінде 2024–2025 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын өтті.
Бұл – тек мектеп бітірушілердің ғана емес, оларды тәрбиелеген ата-аналар мен білім нәрімен сусындатқан ұстаздар үшін де толқулы әрі есте қаларлық ерекше күн!
9-сынып түлектері үшін бұл күн – жаңа өмірге жасалған алғашқы қадам, үлкен армандарға апарар ақ жолдың бастауы.
Жетекші ұстаздары – Тоқабаева Райхан Хамитовна мен Безе Дина Викторовна жүрекжарды тілектерін білдіріп, ал ата-аналар ақ батасын арнады.
Мерекелік шарамыздың қадірлі қонағы болып, жылы лебізін білдірген Нұра ауданының білім бөлімінің әдіскері Касенова Гульназ Байболовнаға алғыс білдіреміз!
Сондай-ақ, мектебіміздің 2005 және 2015 жылғы түлектері келіп, өздерінің алтын ұясына деген сағынышын, ризашылығын білдірді. Бұл – ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі!
Қымбатты түлектер!
Болашақтарың жарқын, қадамдарың нық болсын!
Жаңа белестерден көріне беріңдер, жүректеріңде мектеп естеліктері мәңгілік сақталсын!
#нұраауданыбілімберубөлімі
#oqu_agartu_ministrligi
#altynsarin_akademiasy
#obb_qaragandy
#umckrg #біртұтас_тәрбие