back-image
КГУ "Байтуганская общеобразовательная школа"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Байтуганская общеобразовательная школа"
“Сыңғырла, соңғы қоңырау – 2025!”???? 23 мамыр күні Байтуған жалпы білім беретін мектебінде 2024–2025 оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын өтті.
25-05-2025 20:04
Бұл – тек мектеп бітірушілердің ғана емес, оларды тәрбиелеген ата-аналар мен білім нәрімен сусындатқан ұстаздар үшін де толқулы әрі есте қаларлық ерекше күн! 9-сынып түлектері үшін бұл күн – жаңа өмірге жасалған алғашқы қадам, үлкен армандарға апарар ақ жолдың бастауы. Жетекші ұстаздары – Тоқабаева Райхан Хамитовна мен Безе Дина Викторовна жүрекжарды тілектерін білдіріп, ал ата-аналар ақ батасын арнады. Мерекелік шарамыздың қадірлі қонағы болып, жылы лебізін білдірген Нұра ауданының білім бөлімінің әдіскері Касенова Гульназ Байболовнаға алғыс білдіреміз! Сондай-ақ, мектебіміздің 2005 және 2015 жылғы түлектері келіп, өздерінің алтын ұясына деген сағынышын, ризашылығын білдірді. Бұл – ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі! Қымбатты түлектер! Болашақтарың жарқын, қадамдарың нық болсын! Жаңа белестерден көріне беріңдер, жүректеріңде мектеп естеліктері мәңгілік сақталсын! #нұраауданыбілімберубөлімі #oqu_agartu_ministrligi #altynsarin_akademiasy #obb_qaragandy #umckrg #біртұтас_тәрбие
Новости