back-image
"Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Әмен Қайдаровтың " Қарлығаштың құйрығы неге айыр? атты мультфильмінен сахналық көрініс көрсетті.
10-05-2023 12:11
Әмен Қайдаровтың
"С.Сейфуллин атындағы ЖББМ" КММ  7- сынып оқушылары Әмен Қайдаровтың " Қарлығаштың құйрығы неге айыр?   атты  мультфильмінен сахналық көрініс  көрсетті.
Әмен Әбжанұлы Қайдаров (3 маусым, 1923 Қарағанды облысы Нұра ауданы, Жіңішке ауылы - 5 ақпан 2015, Алматы) – қазақстандық тұңғыш телевизия аниматоры, суретші, кинорежиссер, профессор. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1974), Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының (1980) және «Платинды Тарлан» сыйлығының лауреаты. ҚР жоғарғы мемлекеттік марапаттары «Барыс ордені» және «Парасат ордені» нің иегері. Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері. Қазақстанның Мәдениет және Ақпарат саласының Үздігі.
Ол – ұлттық анимация өнерін «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» (1967); «Құйыршық» (1969); «Жанар» (1972); «Күн сәулесінен пайда болған көжек» (1975); «Ақсақ құлан» (1968); «Қожанасыр – құрылысшы» (1970); «Қырық өтірік» (1978) сияқты мультфильмдер жауһарымен толықтырған тұлғалы режиссер.
#Әмен_Қайдаров_100жыл
#Сейфуллин_мектебі
#Нұраауданы
Новости