"Үздік педагог" байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы
2025–2026 оқу жылының I тоқсанының қорытындысы бойынша республикалық және облыстық деңгейдегі жүлдегер оқушыларды қолдау мақсатында аудан көлемінде"Білім шыңы" атты марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.
Мектебіміздің ұстазы, информатика пәнінің мұғалімі Колтунова Анна Валерьевна республикалық "Үздік педагог" байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы және 7-сынып оқушысы Балабиев Шарафат, 2-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңінің 3-орын жүлдегері аталған шараға қатысып, үздік нәтижелері үшін құрметке ие болды.