back-image
"Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Mузей күнін күнін атап өтті
21-05-2023 01:24
 Mузей күнін күнін атап өтті
18 мамыр бүкіл әлемде музей күнін атап өтіп жатыр.  Осы атаулы күнге орай, музейде «Ашық есік күні» акциясы  өткізілді. 
«С.Сейфуллин атындағы ЖББМ» КММ  мектеп  музейі қазақ әдебиетінің дарынды өкілдерінің ішінде асқан  талантты, көркемсөздің зергері, ақын-жазушы, қоғам қайраткері-С.Сейфуллиннің өмір жолы мен шығармашылығына арналып 2009 жылы  ашылған.  С.Сейфуллин Омбыдағы мұғалімдер семинариясын аяқтағаннан кейін ең алғашқы еңбек жолын 1916 жылы 1 қыркүйекте бұрынғы Сұлтан төре Абылай ауылында қазіргі Ахмет ауылында мектеп ашып, сабақ берген.
Мектеп музейінің мақсаты: халқымыздың біртуар асыл перзенті, аяулы азаматы, қоғам қайраткері, дауылпаз ақын С.Сейфуллиннің өнегелі өмір жолын, туып өскен ортасы, қызметі туралы мағлұмат беру, туған өлкеміздегі еңбек жолының беймәлім тұстарына зерттеу жүргізу,  шығармаларының тақырыбы мен көркемдік ерекшелігін талдау арқылы оқушыларды адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеу.
Музейі меңгерушісі Каржасова Салтанат Мухаметшариповнаның жетекшілігімен  «Ашық есік күні» акциясы  аясында оқушылардан құралған музей жүргізуші-нұсқаушылары оқушыларға музей экспонаттары туралы айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
#Мұражай_күні
#Ашықесіккүні
#Сейфуллин_мектебі
#Нұраауданы
Новости