Жалпы мектептің ата-аналар жиналысы

8 қыркүйек 2023 жылы, С.Сейфуллин атындағы ЖББ мектебінде жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста мектеп директоры - Балабиев А.Е мектеп формасы және ыстық тамақ жайында ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізсе, Ахмет ауылы Полиция инспекторы - Тулеутаев К. нашақорлықтың алдын алу және құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде профилактикалық іс-шара өткізді.