
16 қазан күні С.Сейфуллин атындағы ЖББМ мектебінде "Әсемдік әлемі" атты функционалдық сауаттылық апталығының ашылуы өтті. Бастауыш сыныптарда "Түрлі-түстер әлеміне саяхат" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Апталықтың және сынып сағаттарының мақсаты: білім алушылардың көркем еңбекке, музыка әлеміне деген қызығушылығын арттыра отырып, қолөнер арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және құндылықтарға тәрбиелеу. Білім алушылар сабақ барысында өткізген ойындар мен іс шараларға қызыға белсене қатысты.