"Әсемдік әлемі" атты функционалдық сауаттылық апталығы

Мектебіміздің "Әсемдік әлемі" эстетикалық сауаттылық апталығының бүгін екінші күнінде " Күз байлығы" тақырыбына 4 сыныптар арасында, табиғи материалдардан жасалған көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: оқушыларды көркем еңбекке, қолөнер арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және құндылыққа тәрбиелеу. Оқушылар табиғи материалдардан: "Ормандағы тиын", "Кеме", "Алтын күз", "Күз кереметі","Кірпілер" және т.б жануарлар мен әртүрлі бұйымдарды жасады.