"Әсемдік әлемі" атты функционалдық сауаттылық апталығы

Мектебімізде "Әсемдік әлемі" тақырыбы аясында функционалдық сауаттылық апталығының 3-ші күні. 1-ші қазақ және 1-ші орыс сыныптарында "Сыпайылық құндылықтары" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарының мақсаты: білім алушыларды бір-бірін сыйлау, үлкендерге құрмет, кішілерге қамқор болу құндылықтарын дамыту, әдептілікке тәрбиелеу. Білім алушылар сабақ барысында өткізген ойындар мен іс- шараларға қызыға қатысты.