back-image
"Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Организации> "Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Білгір маман- білікті басшы
29-10-2023 09:11
Білгір маман- білікті басшы
Білгір маман- білікті басшы
 
Еліміздің болашағы - жас ұрпақтың, дүниеге көзін ашатын, салауатты өмір салтын насихаттайтын, өмір сүрудің шынайы мәнін ұғындыратын асыл адам, ол - ұстаз. Ұрпақтан-ұрпаққа ұласатын тәлім-тәрбие алуға, өмірінің азығы болар білім нәрін себетін  аса құдіретті жан, ол- ұстаз.  «Ғалым да, шахтер де бас иетін» қасиетті жан, ол - ұстаз.   Ұстаз болу кез –келген адамның қолынан келе бермейді. Ұстаз жүгі- жауапкершілігі мол ауыр жүк. Сондықтан да қарапайым еңбек адамынан бастап, керемет ұлы ғұлама данышпанға дейін ұстазды қадір тұтады.
Білім беру саласында ұзақ жылдар бойы таңның атысы, күннің батысы шаршамай, талмай еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектептің директоры Балабиев Атымтай Ескенұлы. 
Балабиев Атымтай Ескенұлы 1963 жылы 19 қазанда Киевка кентінде ұстаздар отбасында дүниеге келген. Ұстаздар отбасы дейтініміз- әкесі Балабиев Ескен Балабиұлы тарих пәнінің мұғалімі, анасы- Кадырова Рашида Хабибовна математика пәнінің мұғалімі қызметін атқарған. Жұбайы  Исжанова Наргүл Мұкатайқызы да С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Бүгінгі күні бұл ұстаздар отбасы тәрбиелеген шәкірттер Қазақстанның түкпір-түкпірінде белді-беделді қызметтер атқарып жүр.
Атымтай Ескенұлы 1981 жылы мектепті  үздік бітірген соң, Қарағанды мемлекеттік университетінде оқып, 1986 жылы математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша диплом алды. 1986-1987 жылы Отан алдындағы әскери борышын атқарып келген соң, 1989 жылға дейін Байтуған  орта мектебінде  математика пәні мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 1989-1996 жылдары Киевка кентінің  № 1-ші орта мектебінде мектебінде  математика пәні мұғалімі болып қызмет атқарды. 1996-2002 жылдары  Киевка кентінің№ 3-ші орта мектебінде мектептің  тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2002 жылдан бері осы бүгінгі күнге дейін С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектепте адал қызмет атқарып келеді. Осы кісінің бастамасымен мектепте көптеген іс-шаралар атқарылды. Мектепте халқымыздың асыл перзенті -С.Сейфуллинге, алғашқы мультипликатор жерлесіміз  Әмен Хайдаровқа арналған мұражай ашылды. Аудан, облыс көлемінде  бірнеше семинар, конференциялар өткізілді. Оған көптеген зиялы қауым өкілдері қатысты. Мектебімізді « Таңшолпан» бағдарламасынан көрсетті.   Білім саласындағы ерен еңбегі үшін көптеген дипломдар мен мақтау қағаздарымен марапатталған.
Атымтай Ескенұлы шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленген өз пәнінің білгір маманы, жаңашыл, шығармашыл онымен қоса ұйымдастырушылық қабілеті бар, әр түрлі идея ұсына алатын білікті басшы. Ұжыммен жұмыс істей алатын, қол астындағылардың пікірімен санаса алатын адамгершілігі мол, кез-келген бастаманы жауапкершілікпен істейтін жан. Ақжарқын, сабырлы, қарапайымдылығымен ұжым арасында беделді. Бірнеше аспапта ойнайтын, әншілік өнерге жаны құштар, бір бойынан бірнеше өнер табылған «сегіз қырлы, бір сырлы» жан. Қажет болған жағдайда орынды қалжың айта алатын тапқыр басшы. Ұлды да, қызды да тәрбиелеп отырған- асқар тау әке, алты жиен-немеренің сүйікті атасы. «Ұстаз-ұлы тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты» демекші, біздің ұжымда осындай жан бар екенін мақтанышпен  жеткізгіміз келеді.
 
 С.Сейфуллин атындағы
 жалпы білім беретін мектеп ұжымы
Новости