Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күні

Теңгенің тарихы Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасында қол қойған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заңынан бастау алады. Арада үш күн өткенде, 15 қарашада ел аумағындағы жаңа сауда-саттық жасау құралы ретінде төл теңге қолданысқа енді. Осы мереке қарсаңында, мектебіміздің 5-8 сыныптарында сынып сағаттары өтті.