Бракераж комиссиясының отырысы

Мектебімізде бракераж комиссиясы оқушыларды тамақтандырудың ұйымдастырылуы мен тамақтың сапасын қадағалау мақсатында мектеп асханасына тексеру жұмыстарын жүргізді. Комиссия мүшелері асхананың санитарлық жағдайы, азық-түлік сапасы, тамақты дайындау технологиясы, дайын тамақтармен азық-түліктің сақталу талаптары тексерілді.Тексеріс барысында, асхана толық ас мәзірі арқылы жұмыс атқарды. Ыстық тамақ ас мәзірі бойынша беріледі. Тексеріс кезінде бәрі талапқа сай келді.