back-image
"Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
“ ТҰҒЫРЫҢ БЕРІК БОЛСЫН, ТӘУЕЛСІЗДІК
05-01-2025 14:12
 “ ТҰҒЫРЫҢ БЕРІК БОЛСЫН, ТӘУЕЛСІЗДІК
С. Сейфуллин атындағы ЖББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каржасова Салтанат Мухаметшариповна Астана қаласының Білім басқармасы, Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған “ ТҰҒЫРЫҢ БЕРІК БОЛСЫН, ТӘУЕЛСІЗДІК” тақырыбында өткізілген іс- шараға арнайы шақыртумен  қатысып, баяндама оқыды. Бұл іс- шараның мақсаты: балалар мен жасөспірімдерге  еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата- бабамыздың ерлігін паш ету, желтоқсан оқиғасына қатысқан ерлердің өнегелі өмірін үлгі ету, Отанын, елін, жерін сүюге, патриоттық рухын оятуға тәрбиелеу. Іс- шараға Астана қаласының мектеп оқушылары, колледж студенттері, мұғалімдер, ардагер ұстаздар, кітапхана оқырмандары, журналистер қатысты. Желтоқсан оқиғасының куәгерлері, Алматы қаласынан Ризада Жақыпбекқызы және Астана қаласынан Исинтаева Жанар Мұқақызы қатысып, өз бастарынан өткендері мен көрген естеліктерімен бөлісті. Қоғам қайраткері , Ағартушы-ұстаз, ҚР- ның Құрметті ұстазы, “Құрмет белгісі”ордені иегері, “Ы.Алтынсарин” төс белгісі, “А. Байтұрсынов” медалі иегері Оспан Сүлейменұлы желтоқсан оқиғасына қатысқан батыр қыз Ризада Жақыпбекқызын “Ғажайып Қазақстан-2050” журналының арнайы “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапаттады. Ұлағатты ұстазына арнап шәкірттерінің шығарған “Ғажайып Қазақстан-2050” журналының тұсаукесері өтті.
Тәуелсіздігіміз- бақытымыз, байлығымыз екенін қатысушылар көңіліне түйіп қайтты.
Новости