"Медицинаға қадам"жобасы аясында С.Сейфуллин ЖББ мектебінің мед.сынып оқушылары Қабанбай кентіндегі тіс емханасына экскурсияға барды

21 сәуір 2025 жылы "Медицинаға қадам"жобасы аясында С.Сейфуллин ЖББ мектебінің мед.сынып оқушылары Қабанбай кентіндегі тіс емханасына экскурсияға барды.Бұл жерде оқушылар тіс емдеудің заманауи түрлерімен, жаңа қолданысқа енгізілген материалдарымен танысты,өз ойларында жүрген сұрақтарына жауап алды.Өте тартымды өткен кездесу оқушылардың ой-өрісін, осы мамандыққа қызығушылығын арттыра түсті.