Бүгін жазғы лагерьде күн ерекше әрі әсерлі өтті.

Бүгін жазғы лагерьде күн ерекше әрі әсерлі өтті. Таңертең балалар әдеттегідей дене шынықтыру жаттығуларын жасап, көңілді музыкамен флешмобқа қатысты. Одан кейін “Шебер қолдар” шығармашылық сағатында балалар түрлі-түсті қағаздардан қолөнер бұйымдарын жасап, өз қиялдарын іске асырды.