"Балақайлар мектебі" бағдарламасы бойынша дайындық басталды

1–28 тамыз аралығында 1-сыныпқа арналған "Балақайлар мектебі" бағдарламасы бойынша дайындық басталды.
Бағдарлама аясында бірінші күні төрт сабақ өткізілді:
"Сөйлеуді дамыту",
"Математика негіздері",
"Қоршаған ортамен таныстыру",
"Сурет салу".
Сабақтар 30 минуттан жүргізілді. Әр сабақта балалармен сергіту сәті ұйымдастырылып, олар жазды, сурет салды, бояды және қимылды ойындар ойнады.