«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында аудандық пікірсайыс турнирі өтті.

15 қыркүйек күні Нұра кентінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында аудандық пікірсайыс турнирі өтті. Аталған сайысқа мектебіміздің «Барыс» командасы қатысып, өздерінің ой өрісі мен белсенділігін танытты. Жарысқа жоғары деңгейде атсалысқандары үшін команда мүшелері арнайы сертификаттармен марапатталды.
Бұл пікірсайыс оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға, еркін ойлау мен дәлелді пікір айту қабілетін дамытуға бағытталған маңызды шара болды.
#АдалАзамат
#БіртұтасТәрбие
#Нұраауданыбілімбөлімі
#Ұшқыройалаңы