“Тіл - тұтастық туы”

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аясында онкүндіктің жоспары бойынша алғашқы күні мектебімізде “Тіл - тұтастық туы” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мустапаева А.И., орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тарбаева А.М. саптық жиын өткізді. Саптық жиында 11-сынып оқушысы Кажикулова Адина мен 10-сынып оқушысы Асқар Аружан қазақ халқының көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ғалым-лингвист, ақын, аудармашы, ұстаз және алғашқы қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі - Ахмет Байтұрсынов туралы қысқаша мәлімет оқыды.
Сонымен қатар, жоспар бойынша 3-11 сыныптар мен педагогтер арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Курманова А.Е. мен Капашева Ж.Ж. диктант жазғызды.
#Қарағандыоблысы
#Нұраауданыбілімбөлімі
#Сейфуллинмектебі
#АдалАзамат
#Біртұтастәрбие
#Тілдерапталығы2025
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg