Педагогикалық кеңес өтті
27 тамыз күні С.Сейфуллин атындағы ЖББ мектебінде жаңа оқу жылы қарсаңындағы алғашқы педагогикалық кеңес өтті. Аталмыш кеңесті ашып-жүргізген мектеп директоры Балабиев А.Е. ұстаздар қауымын құттықтап, күн тәртібімен таныстырды. «Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтар» тақырыбында ұйымдастырылған педагогикалық кеңестің күн тәртібінде ҚР ОАМ әдістемелік-нұсқаулық хаты, жаңа нормативтік актілер мен бағдарламаларға шолу жасалып, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы құжаттар, ЖИ жүйелерін қолданудың этикалық стандарттары, 2025-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесіне ЖИ енгізудің концептуалдық тәсілдері қарастырылды. Кеңес барысында ұстаздар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Тамыз конференциясында көтерген мәселелері туралы бейнероликті қарап, алдағы оқу жылына арналған мақсаттар мен міндеттерді айқындады. Сонымен қатар оқу ісінің меңгерушісі Тукешова Б.Н. мектептің оқу жоспары, білім алушылардың тізімдік құрамы, педагогтердің оқу жүктемесі, сабақ кестесі, мектепті дамыту жоспары, педкеңес пен әдістемелік кеңес жоспарлары, мектепішілік бақылау жоспары, педагогтердің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспары, академиялық адалдықты сақтау қағидаларын талқылап, бекітті. Кеңес соңында мектеп директоры А.Е.Балабиев санитарлық нормалардың сақталуы, білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету, инклюзивті орта ұйымдастыру, мектеп қызметкерлеріне арналған ішкі еңбек тәртібінің ережелерін басты назарда ұстау керектігін атап, ұстаздар қауымына сәттілік пен жетістіктер тіледі.
#педагогикалықкеңес