Aта-аналар комитетінің отырысы өткізілді

27 қыркүйек күні мектебімізде ата-аналар комитетінің отырысы өткізілді. Отырыстың мақсаты – жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының бағыттарын айқындап, ата-аналармен өзара серіктестікті нығайту болды.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
1️⃣ 2024–2025 оқу жылының тәрбие жұмыстарының қорытындысы;
2️⃣ Мектептің ішкі тәртіп ережесімен (№26 бұйрық) таныстыру;
3️⃣ 2025–2026 оқу жылының "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі міндеттерімен таныстыру;
4️⃣ Ата-аналар комитетінің жаңа құрамын бекіту;
5️⃣ «Мектепке жол» және «Қауіпсіз мектеп» акцияларының орындалу барысы;
6️⃣ Психологиялық кеңес және ата-аналармен келісімшарт мәселелері (№93).
Отырыс барысында ата-аналар белсенді пікір білдіріп, мектеп ұжымы мен ата-аналар арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңызы атап өтілді.
#Адал_азамат
#біртұтастәрбие
#Ата_ана_комитеті
#Қарағандыоблысы
#Нұраауданыбілімбөлімі
#Сейфуллинмектебі